19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді. 2019 жылдың ТҚО жұмысы қорытындыланды. Террористік акцияларға жол бермеуді бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталынып өтті. Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні жасауға бағытталған 3 ұмтылыстың жолы кесілді. 7 радикалдық топтың және 34 жеке экстремистің қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру қамтамасыз етілді. 2019 жылға белгіленген барлық нысаналы индикаторлар мәніне қол жеткізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің №2396 қарары шеңберінде авиациялық көліктегі жолаушылар легіне профайлер- мамандарының қызметі ұйымдастырылды. Аймақтық терроризмге қарсы комиссиясы ұстанымымен терроризм профилактикасының, оның ішінде жастар ортасында, ұйымдастырушылық механизмі жетілдірілді. Ауқымды және адрестік ақпараттық-түсіндіру іс-шаралармен 2,5 млн-нан астам адам қамтылды. 907 адам радикалдық көзқарастан қайтарылды. Бас бостандықтарынан айыру орындарында террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін жазаға тартылған 162 сотталушы радикалсыздандырылды. Жергілікті жерлерде «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік белсенді аймақтардан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту бойынша жұмыс жолға қойылған. Бұл әйелдердің үштен бір бөлігі бұрынғы сенімдерінен бас тартты, басқалары бойынша жұмыстар табысты жүргізілуде. Қазақстандық қоғамды терроризм және экстремизмді насихаттаудан қорғау мақсатында интернет кеңістігін мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Жүйе әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті айқындауға және артынша бұғаттауға мүмкіндік береді. Радикалдық ортаға қарулардың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың түсуіне жол бермеудің қосымша алдын алу механизмдері енгізілді. Нәтижесінде бұндай 17 жағдайға жол берілмеді. Кесілген қарулар айналымына бақылау орнатылды. Өндірістік жарылғыш заттарын және материалдарды, қоймаларды және әскери бөлімдердің зымырандық-артиллериялық қару-жарақтарын сақтау орындарын күзету режимі күшейтілді. Мемлекеттік органдардың басшыларымен аса маңызды объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін жетілдіру шаралары қаралды. ТҚО отырысының нәтижесі бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды. 2020 жылға арналған ТҚО жұмыс жоспары мақұлданды.
FaLang translation system by Faboba