Ағымдағы жылдың 11 қазанында Тараз қаласында «Теміржол-Антитеррор-2019» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығудың ұйғарымы шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерін терроризмге қарсы қорғау және ақпараттық жүйелерді киберқорғау жағдайлары тексерілді. Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер поезд вагонында кепілге алынған адамдарды босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеті толық көлемде орындалды. Қатысқан мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіптердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылды жоғары деңгейде көрсетті.
FaLang translation system by Faboba