Қалыптасуы

2000 жылдардың басында дамыған елдерде ірі террористік актілердің өршуі терроризмнің бір мемлекет шеңберінен шыққанын және кез-келген шекарадан өтетіндігін айқын көрсетті. Экстремизм мен терроризм ара-тұралық сипаттағы және ерекше оқиға түрі болудан қалды.

Қазақстанда және оны қоршаған ортасында қалыптасқан жағдай терроризмге қарсы іс-қимыл проблемасын Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласының басым бағыттар қатарына енгізді. Терроризмге қарсы күрестің жалпымемлекеттік шаралар жүйесін жетілдіруге күштік әдісті пайдалану тиімділігін арттырумен қатар еліміздің мүдделі мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын саяси-экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, тәрбиелік, насихаттау және басқа шаралар мәселесіне аса көңіл бөлінді.

Аталған мәселе бойынша еліміздің алыс және жақын шетелдерде орналасқан осы іспеттес бөлімшелерін жан-жақты зерделеп, талдағаннан кейін ұлттық терроризмге қарсы орталықтың үлгісі жобаланды, мақсаттары мен міндеттері белгіленді және анықталды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №435 өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы ұйымдастырылды.

Бастапқыда оның қатарына ҰҚК-мен қатар Президенттің күзет қызметі, ішкі істер және қорғаныс министрліктері, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік кірді. 2005 жылы Орталыққа қосымша үйлестіру және бақылау міндеттері беріліп, мәдениет және ақпарат, көлік және коммуникация, әділет министрліктері, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін енгізу есебінен мемлекеттік органдар саны тоғызға дейін ұлғайтылды. Терроризмге қарсы орталықтың құрылымы осындай құрамда құрылуы мемлекеттің терроризмге қарсы саясатының – терроризмге қарсы үйлестірілген бірлескен іс-қимылдың жаңа кезеңінің бастамасы болды.

Уақытылы және адекваттық ден қою, республика аумағында терроризм фактісіне жол бермеу бойынша алдын ала құқықтық, ұйымдастырушылық және тәжірибелік шараларды қабылдау үшін ҰҚК ТҚО террористік қатерге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік бірыңғай жүйесін құру, терроризмге қарсы күрес бағыттары бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, террористік көріністерді айыптауға және профилактикасына бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу, терроризмге қарсы заңнаманың сақталуын бақылау, тиісті мемлекеттік бағдарламаларды орындау, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі міндеттер қойылды.

Өзара іс-қимыл мәселелерін шешу және терроризмге қарсы қызметтік ұйымдастыруда бірыңғай тәсілді енгізу ҰҚК ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясы (ВҮК) арқылы жүзеге асырылды. Оның құрамына мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары енді.

ҰҚК құрамында жұмыс органы ТҚО Штабы құрылды. Терроризмге қарсы орталық террористік сипаттағы көріністердің елімізге өктемдік көрсету жолдарына құқықтық тосқауылды құруға тікелей қатысты. Осы жұмыстың бір бөлігі «Терроризмге қарсы іс-қимыл», «Терроризмге қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын әзірлеу және қабылдау болып табылады, бұл еліміздің террористік қауіп-қатерлерге қарсы күресу мүмкіндігін неғұрлым нығайтты. Бірқатар тиісті халықаралық келісімдерге қол қойылып, бекітілді.

Халықаралық міндеттемелерді орындау шеңберінде және 2004 жылғы 15 қазандағы ұлттық заңнамалар негізінде ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының қолдауымен Қазақстанда алғашқы рет еліміздің аумағындағы 4 террористік ұйымның («Аль-Каида», «Өзбекстандағы ислам қозғалысы», «Шығыс Түркістандағы ислам қозғалысы» және «Курд халық конгресі») қызметіне тыйым салынды. ҰҚК ТҚО бастамасымен 2006 жылы Қазақстанда жойылған «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты» террористік ұйымы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен БҰҰ террористік ұйымдардың шоғырланған тізіміне енгізілді.

2004 жылы алғашқы рет мемлекеттік органдар бөлімшелері мен олардың арнаулы бөлімшелерінің қатысуымен республикалық терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуы–«Қалқан 2004» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы және әуедегі терроризм актісінің тарамауына және жолын кесу бойынша «Дабыл» арнайы операциясы ұйымдастырылды.

2005 жылы республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысының өрбуінен бастап ТҚО Штабының үйлестіруі арқылы жедел штабтар өңірлік деңгейде терроризмге қарсы оқу іс-шараларын өздіктерінен өткізе бастады, онда олар террористік қауіп-қатердің әр түріне ден қою механизмін іс жүзінде пысықтады.

Аталған іс-шаралар мемлекеттік органдардың бітімгершілдігі мен өзара әрекеттесу деңгейін көтеруге, терроризмге қарсы бөлімшелердің әскери даярлықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді. Республикалық жедел штабымен еліміздің атом объектісіндегі жұмысы сынақтан өтті.

Еліміздегі терроризмге қарсы әрекетті іске асыратын ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз етуге аса көңіл бөлінді. Мемлекеттің терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимылы саласындағы саясатын айқындатуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылды. Кеңейтілген түрде жарыққа шығаруды қамтамасыз ету үшін теле- және радиохабарларға, ақпараттық хабарламалар, сөз сөйлеулерге, сұхбаттасуға еліміздің көптеген алдыңғы қатарлы БАҚ тартылды. ҰҚК web-сайтында ТҚО электрондық парағы жасалынған, «электрондық пошталық жәшік» ашылған (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.), тақырыптық ақпараттық материалдар орналастырылды.

Терроризмге және экстремизмнің басқа көріністеріне қарсы іс-қимыл саласында мемлекетпен қабылданатын шараларды, министрліктер мен ведомстволардың терроризмге қарсы қызметтерінде өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және оң тәжірибелермен алмасуды жария ету мақсатында ҰҚК ТҚО ведомствоаралық Ақпараттық бюллетенін жариялау ұйымдастырылды. ТҚО Штабының бастамасымен бюллетень ғылыми диссертацияларды жариялауға арналған басылымдардың республикалық тізбесіне Білім және ғылым министрлігімен енгізілді. 2005 жылы оның бірінші нөмірі жарық көрді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығы, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде өзара ақпаратпен алмасу және бірлескен іс-шаралар өткізу механизмдері жасалды.

Терроризмге қарсы қызметтердің өзара іс-әрекеттеулерін нығайтуға ТМД ТҚО -ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының қатысуымен бірінші «Каспий-Антитеррор-2005» халықаралық оқу-жаттығуын, сондай-ақ «Тянь-Шань №1-2006» қазақ-қытай оқу-жаттығуын өткізуге ықпал етті.

ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымымен қабылданған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде деректер қоры туралы келісім ратификацияланды. Терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралар туралы, ақпаратты техникалық қорғау туралы, терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қатысы бар тұлғалардың кіру арналары туралы келісімдерге қол қойылды. ШЫҰ терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы күрес жөніндегі тұжырымдамасы қабылданды. СІМ бірлесе отырып ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің аппараты құрылды.

Осы іспеттес жұмыстар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде жүргізілді.

ТМД шаралар жүйесін құруда көп тарапты қызметті іске асыруды заңнамалық бекітілуі Қазақстан Республикасымен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарда ТМД елдерінің арнайы қызметтерінің уәкілеттіліктері мен мүмкіндіктерін кеңейтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы хаттаманы ратификациялау болды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитетімен, ЕҚЫҰ және НАТО/ЕАӘК терроризмге қарсы бөлімшелерімен, Қазақстандағы Интерпол өкілдігімен байланыс орнатылды.

Терроризмге қарсы күрес мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту және ұлғайту мәселелерінің өзектілігін ескере отырып 2005 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің ІV арнайы отырысын даярлауға және өткізуге ҰҚК ТҚО тікелей қатысты.

Алыс және жақын шетелдердегі арнайы қызметтері мен терроризмге қарсы құрылымдарымен екіжақты ынтымақтастық жолға қойылды.

Қол жеткен келісімдер негізінде Қазақстанның құзіретті органдарының қызметкерлерін шетелдік терроризмге қарсы оқу орталықтарында даярлау және оқыту ұйымдастырылды.

ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының қалыптаса бастауының алғашқы кезеңінде қабылданған шараларымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде өзіне лайықты орнын тапты. Олармен жүргізіліп жатқан жұмыстар терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік саясатын жемісті жүзеге асырылуына, заманауи қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылды ведомствоаралық үйлестіруде және халықаралық ынтымақтастықтардың тиімді механизмдерін құрастыруға ықпал етті.

Жетілдіру

Еліміздің сыртқы ортасында өрбіген ауқымды халықаралық қауіп-қатерлері ұлттық терроризмге қарсы жүйені жетілдіру қажеттілігін өзекті етті.

2011 және 2012 жылдардағы экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттердің себептері мен жағдайларына мұқият жасалған сараптаудан кейін заңнамаға түбегейлі түзетулер енгізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 63V Заңымен терроризмнің алдын алу басты басымдық болып белгіленді. Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселесінде 21 мемлекеттік органның өкілеттілігі мен құзыреті нақты айқындалды.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының мәртебесі тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші органның деңгейіне дейін көтерілді, оның міндеттерінің шеңбері кеңейтілді. Стратегиялық бағыттар ішінде – мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, тұжырымдамалық көзқарастарды әзірлеу, негізгі басымдылықтарды айқындау, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін тәжірибелік шараларды әзірлеу. Бұларға мониторингтеу, террористік қауіп-қатерлеріне және көріністеріне баға беру және болжау, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізу жатады.

Террористік әрекетті алдын алу, жолын кесу, террористік актінің салдарын азайту және (немесе) жою бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестірудегі міндеттерін тактикалық деңгейде шешіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ТҚО құрамына 19 мемлекеттік органның бірінші басшылары кіреді. Орталықты ҰҚК Төрағасы басқарады.

Қазақстан Республикасының ТҚО тоқсан сайынғы отырыстарында терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесін жетілдірудегі өзекті мәселелер қарастырылады.

Терроризм профилактикасы мәселелеріне аса көңіл бөлінеді. Экстремистік идеологияның қоғамда таралу үрдісіне қарсы іс-қимыл жасау үшін жергілікті жерлерде астананың, Алматы мен Шымкент қалаларының, облыстық және аудандық әкімдердің басшылығымен әкімдіктер жанында терроризмге қарсы комиссиялар (ТҚК) құрылды. «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы олардың қызметінің құқықтық негізі болып табылады.

Комиссиялармен шешілетінің саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, тәрбиелік, насихаттау және басқа да мәселелердің түпкілікті қорытындысы қоғамда терроризмге қарсы тұрақты сананы қалыптастыру болып табылады.

Бұнымен бірге тіршілікті қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын, халықтың көп жиналатын орындарын, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарын, басқа да аса маңызды кәсіпорындар мен мекемелер объектілерінің қорғалуын нығайтылуына көп назар бөлінді.

Заңнамалық базаны және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың күштері мен құралдарының ден қоюға даярлық механизімін жетілдіру тиісті деңгейге дейін жеткізілді. Бүгінгі күні терроризмге қарсы операцияны өткізу барысында министрліктер мен ведомстволардың күштері мен құралдарын тиімді басқаруға жыл сайын командалық-штабтық және жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын, жеке жаттығулары мен хабарландыру жүйелерін тексеруді өткізу арқылы қол жеткізілді.

Қазақстанда орын алған экстремистік сипаттағы күштеу әрекеттері террористік қатерге ден қою дайындығын қамтамасыз ету мәселесі тәжірибелік жазықтыққа әкелді және республикалық, облыстық жедел штабтардың жұмыс істеуін жетілдіру бойынша қосымша шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туындады.

Терроризмге қарсы орталықтың қызмет атқаруындағы бірқатар жаңашылдықтар халықаралық ынтымақтастықты қайтадан құру үшін енгізілді. Біріншіден ол бүгінгі таңда тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталған. Террористік қатерге ден қою мен қорғау жүйесі шеңберінде негізгі тірек шетелдік оң тәжірибелерді зерделеу мен енгізуге, терроризмге қарсы күрестегі өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды ілгерлетуге жасалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ТҚО қызметі біздің азаматтарымыздың терроризмнің жолын ұстаушылар тарапынан туындайтын күштеу іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ететін террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюда жалпымемлекеттік жүйені жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы Терроризмге қарсы орталығының форматы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың келісілген және үздікіз қызметін қамтамасыз етеді деп сеніммен айта аламыз.

FaLang translation system by Faboba