Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының штабы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты жанындағы құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органының міндеттерін орындайды.

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының штабының негізгі міндетіне Терроризмге қарсы орталықтың терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-аналитикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Республикалық жедел штабымен терроризмге қарсы операциялар өткізу барысында Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы жұмыс тобын басқарады.

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының штабы өз қызметінде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да нормативтік актілерді басшылыққа алады.

FaLang translation system by Faboba